ШҚО-да полиция мен БАҚ қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстарды күшейтті

ШҚО-да полиция мен БАҚ қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстарды күшейтті

     Қоғамда заңдылық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті кең ауқымды ақпарат тарату жұмыстарын жүргізді.

     Профилактикалық бейнеролик LED-экрандарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда және азаматтар көп жиналатын басқа да орындарда орналастырылып, көрсетілді. Бейнематериалда пара беру және алу үшін жауапкершілік, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне сыйлық беруге жол берілмейтіні туралы түсіндіріледі.

     Сонымен қатар бейнеролик пен аудиоматериалдар өңірдің радиоарналарында көрсетілуде. Бұл аудиторияны барынша кеңінен қамтуға және облыс тұрғындарына негізгі профилактикалық жолдауларды жеткізуге мүмкіндік береді.

     Сондай-ақ, заңсыз сыйақылар мен өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік нормалары түсіндірілген ақпараттық парақшалар таратылды.

     Бұл шаралар халықтың құқықтық сауатын арттыруға, заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға және азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.