
ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы мен Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастардың болашағы үшін маңызды кездесулер ұйымдастырылды.
Полиция өкілдері облыс орталығындағы мектеп және колледждердің бітірушілері арасында кәсіптік бағдар беру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Яғни түркістандық жастарды ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсуге шақырды.
Басты мақсат - мектеп түлектерінің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру және кәсіби бағытын таңдауға қол ұшын беру. Бұл бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын дамытуға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.
Өз кезегінде полицей болғысы келетін жастар қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Ішкі істер саласына қабылданудың негізгі алғышарттарымен танысты. Полиция қызметкерлері мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады деп сенім білдіреді.