Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

     Балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың ең үлкен жауапкершілігі.

– Әрбір ата-ананың басты міндеті – балаларын тәрбиелеу. Ата-ананың қамқорлығы болмауы, отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал, балаларға тиісті материалдық жағдай жасалмауы, сондай-ақ олардың жүріс-тұрысын бақылаудың жоқтығы жасөспірімнің қоғамға жат әрекеттер жасауына себеп болуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бермеу мақсатында Павлодар облысында полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД өкілдері.

     2025 жылы өңірде түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде жүргені үшін 2560 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

     Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмағандардың өз мекемелерінде болуына жол берген ойын-сауық орындарының иелері де заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы 76 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылған.

     Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмысы облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

     Рейдтік іс-шаралармен қатар ювеналдық полиция есепте тұрған тұлғаларды тұрақты түрде тексеріп отырады.

     Қазіргі уақытта облыс бойынша есепте 220 қолайсыз ата-ана және 86 жасөспірім бар, олармен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

     Балалардың болашағына деген қамқорлық қауіпсіздік талаптары мен заң нормаларын қарапайым сақтаудан басталады.

     Ата-аналар кәмелетке толмағандардың бос уақытын тұрақты түрде бақылап, белгіленген талаптарды бұзудың салдары қандай болатынын түсіндіруі тиіс.

     Баланың жүріс-тұрысына бақылаудың болмауы оны құқыққа қарсы әрекеттерге тартуға, оның өзінің де, айналасындағылардың да өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

     Полиция 18 жасқа толмаған адамдардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына тыйым салынатынын ескертеді.

– Атап айтқанда, ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, тұрғын үйден тыс жерде – 23:00-ден 06:00-ге дейін. ҚР заңына сәйкес, көрсетілген уақытта бала заңды өкілінің қасында болуы тиіс, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.