Жыл басынан бері СҚО-да есірткі контрабандасының 8 дерегінің жолы кесілді

Жыл басынан бері СҚО-да есірткі контрабандасының 8 дерегінің жолы кесілді

     Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының Қорған, Омбы және Түмен облыстарымен шектеседі. Бұл шекаралық аймақ құқықтық тәртіпке ерекше назар аударуды, сондай-ақ трансұлттық қылмыс түрлеріне қарсы күресте жедел ақпарат алмасуды талап етеді.

     Шекаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл. Биылғы жылы Петропавл қаласында құқық қорғау органдары шекара арқылы өткізілмек болған 25 литр прекурсорды тәркіледі.

     Сонымен қатар шекаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл нәтижесінде жыл басынан бері есірткі заттарын контрабандалаудың 8 фактісі анықталып, жолы кесілді. Тәркіленгендер арасында 11 грамм синтетикалық психотроптық заттар бар. Шекаралық ынтымақтастық жөніндегі жоспарлардың іске асырылуы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.