Жетісу облысында полиция қызметкерлері 150 жүк көлігіне жол бастап жүрді

Жетісу облысында полиция қызметкерлері 150 жүк көлігіне жол бастап жүрді

     Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолдағы жағдай әлі де күрделі болып тұр. Боран, көктайғақ, қатты желден бірқатар автожол учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді.

     Осыған орай облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр. Алматы – Өскемен республикалық трассасының күрделі бөлігі арқылы полицейлер 150 жүк көлігінен тұратын колоннаны қауіпсіз жерге дейін жеткізу бойынша ілесіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды. Экипаждардың үйлесімді әрекетінің арқасында жүргізушілер жақын маңдағы кемпингтер мен жабдықталған демалыс орындарына дейін жеткізілді.

     Мұндай профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға едәуір ықпал етеді және жүргізушілерге қолайсыз метеожағдайда өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Полиция тәулік бойы жол жағдайына мониторинг жүргізіп, қиын учаскелерде жүргізушілерге көмек көрсетуде және кез келген шақыруға жедел әрекет етуде.

     Полиция жүргізушілерге үндеу жасайды:

• ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, рөлде барынша мұқият болуға;

• мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан уақытша бас тартуға;

• жол қызметтерінің талаптары мен полиция қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады.