Елімізде 700-ге жуық үлгілі жүргізуші марапатталды

Елімізде 700-ге жуық үлгілі жүргізуші марапатталды

     Республика бойынша "Үлгілі жүргізуші – 2025" профилактикалық акциясы өтті. Акция Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында қауіпсіз әрі тәртіпті жүргізу мәдениетін дамытуға, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.

     Нәтижесінде республика бойынша жолда ұқыпты әрі заңға бағынатын 700-ге жуық үлгілі жүргізуші марапатталды. Аталған азаматтарға сақтандыру компаниясының сертификаттары, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар және жол қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар табысталды.

     Үлгілі жүргізушілердің бірі – Қарағандылық тұрғын Светлана Швачкина. Оның жүргізушілік өтілі 30 жылға жуық. Осы уақыт ішінде ол бірде-бір рет әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және жол-көлік оқиғасына түспеген. Ақмола облысының тұрғыны Манарбек Мұхамеджанов та жылдар бойы рульде ұқыпты әрі жауапты жүргізуші ретінде танылған. Оның әкесі ешқашан жол қозғалысы ережелерін бұзбаған, енді сол қағидаларды өзі де ұлына үйретіп жүр.

     ІІМ жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Барлық жүргізушілерді сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ең заманауи техниканың өзі қауіптің бір көзі болып қала беретінін ұмытпауға шақырады. Әрбір азаматтың саналы әрекеті ғана жолды қауіпсіз ете алады.