"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық науқаны басталды

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық науқаны басталды

     Бүгін біздің елімізде Біріккен ұлттар ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясына сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" атты жаһандық халықаралық науқаны басталады.

     Бұл науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне назар аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және халықтың қол жетімді қорғану шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

     Биыл науқан – "Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік" – деген ұранмен өтеді. Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, адамзат үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, қауіп-қатердің жаңа түрлерін яғни кибербуллинг, онлайн қудалау, жеке бастың деректері, суреттер мен бейнежазбаларды рұқсатсыз тарату, желіде қорлау және нәзік жандылардың жеке басына онлайн қауіп тудырып келеді.

     Зерттеулер көрсеткендей, әйелдер мен қыздар көбінесе осындай әрекеттердің құрбаны болады. Цифрлық зорлық-зомбылық адамға ауыр психологиялық зиян келтіреді, қауіпсіздік сезімін төмендетеді, әйелдердің қоғамдық өмірге және цифрлық экономикаға қатысуын шектейді.

     Науқан аясында бүкіл ел аумағында кең ауқымды ақпараттық-ағарту іс-шаралары өтеді. Халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарындағы семинарлар. Зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейтіп, жадынамалар, инфографика әлеуметтік роликтер мен билбордтар орналастырылады.

     Агрессорлармен жұмыс істеуге және қайталанған зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады. Цифрлық сауаттылық және онлайн-қауіпсіздік бойынша заңгерлер, IT мамандар мен психологтардың қатысуымен тренингтер, пікірталас алаңдары ұйымдастырылады. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында сурет конкурстары мен тақырыптық сабақтар өтеді.

     Көптеген аймақтарда – іс шараларды қызғылт сары түстес жалаушалар, плакаттар және шарлармен безендіру, ғимараттарды қызғылт сары түстес жарықпен жарықтандыру сияқты зорлық-зомбылықпен күресудің символы "Қызғылт сары күн" яғни "Орандж дэй" акциясы өтеді.

     Әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылықтың кез келген түрін, оның ішінде онлайн-ортада жол бермеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған #ЦифрлықЗорлықЗомбылықтыТоқтату хэштегімен флешмобтар іске қосылады,. Цифрлық сауаттылықты арттыруға қоғамның ашықтығы мен оған қатысуы, барлық азаматтарға, әсіресе әйелдер, қыздар мен балалар үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік құруға көмектесетініне біз сенімдіміз.

     Қазақстан Республикасының ІІМ Мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және барлық гендерлік зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамайтын азаматтарды осы науқанға қосылуға шақырады.

     Біз тек бірігіп ғана зорлық – зомбылықтың кез келген көріністеріне – нақты өмірде және цифрлық ортада-қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыра аламыз және Қазақстанда қауіпсіз, күшті және орнықты қоғам құра аламыз.