Елімізде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Елімізде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

     18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

     Шараны жүргізу қажеттілігі адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр.

     ЖПІШ барысында:

- Патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі.

- Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскені байқалады.

      Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады.

  • Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді.
  • Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды.
  • Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.