Астанада "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі ұйымдастырылды

Астанада "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі ұйымдастырылды

     Елордада ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда полиция қызметінің сан қырын көрсететін ерекше суреттер қойылды.

     Фотокөрмеде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел іс-шаралар мен халықпен күнделікті қарым-қатынас сәттері бейнеленген. Көрме барысында полиция қызметкерлері әр фотосуретті түсіндіріп, оның нақты жағдайда қалай түсірілгенін баяндады.

     Ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларының оқиғаларын да әңгімелеп өтті, олардың батылдығы мен адалдығы көрермендерге үлгі ретінде ұсынды. Сонымен қатар қонақтар полицияның тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, жастарды тәрбиелеуге және қоғамда сенім орнатуға қосып жатқан үлесін көруге мүмкіндік алды.

     Көрменің басты мақсаты – полиция қызметінің көпқырлығын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын жеткізу және халық пен тәртіп сақшылары арасындағы сенімді нығайту. Фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтарына ашық форматта өтті. Көрме қонақтары батылдық пен жауапкершіліктің шынайы сәттерін тамашалап, полиция қызметкерлерінің жұмысына жақынырақ көз жеткізе алды.