ШҚО-да полиция ер адамнан 1 млн теңгенің мефедронын тәркіледі

ШҚО-да полиция ер адамнан 1 млн теңгенің мефедронын тәркіледі

Өскемен қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы облыс прокуратурасымен бірлесіп Алматының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде одан қара және сары түсті таспамен оралған 33 түйіншек табылды. Ішінде ақ ұнтақ зат болған.

Сараптама нәтижесінде, бұл – жалпы салмағы 42,7 грамм мефедрон екені анықталды. Бұл — 40-тан астам бір реттік дозаның көлеміне тең. Қара нарықтағы бағасы бір миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта “Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің ауыр зардаптарын еске салады және азаматтарды өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ заңды қатаң сақтауға шақырады.