Полиция ескертеді: есепшотты бөтен адамға беру – қылмыс

Полиция ескертеді: есепшотты бөтен адамға беру – қылмыс

     Полиция есепшотты бөтен адамға беру – қылмыс екендігін ескертеді.

     Құрметті тұрғындар! 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап елімізде жаңа заң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, өз атына рәсімделген банк картасы мен есепшотын үшінші тұлғаға берген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

     Осыған байланысты полицейлер ескертеді: жаза өте қатаң. Мұндай заңбұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

     Сондықтан болашағыңызды қауіпке тігіп, қылмысқа жол бермеңіз! Заңды сақтап, өзіңізді және отбасыңызды қорғаңыз.

     Есте сақтаңыз: "Ақша оңай келеді" деген уәделердің артында алаяқтық тұрады. Дроппер – жай ғана құрал емес, ол қылмыскердің серігі.