Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, Парламенттің өкілдері, мемлекеттік органдардың заң қызметкерлері қатысуымен Конституцияның 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың мүдделеріне сай келетін және заңның үстемдігін қамтамасыз ететін сапалы заң шығару жұмысының маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Осыған байланысты іс-шара барысында заңнамалық базаны жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасып, құқық тәжірибесінде конституциялық қағидаларды одан әрі нығайту жоспарлары қарастырылды.
Мемлекет басшысының Жолдауында да “Заң мен тәртіп” қағидасын жүзеге асыру, қауіпсіз Қазақстанды құру міндеттері қойылған. Бұл барлық мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылымен тығыз байланысты.
Өткізілген дөңгелек үстел – еліміздің құқықтық жүйесін нығайтуға және құқықтық тәртіп мәдениетін дамытуға жасалған тағы бір қадам.