ІІМ: Жүк тасымалдаудағы салғырттық бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін

ІІМ: Жүк тасымалдаудағы салғырттық бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда.

- "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Алматы әуежайында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК және "Жетісу" кеден бекетімен бірлесіп, Пхукет - Алматы рейсімен келген 42 жастағы шетел азаматын ұстады. Жүкті тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен үш килограмм болатын кептірілген марихуана салынған алты пакет табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша ұсталған азамат жүкті Таиландтан алып келген. Яғни, сәлемдемені тексерместен бейтаныс адамдардан ақшалай сыйақы үшін алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: бөтен адамдардың жүгін тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Ведомство азаматтарды сақ болуға және есірткі қылмысына қатыспауға шақырады.