Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

     "Заң және тәртіп" қағидаты мен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Шардара ауданында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

     Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 123 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның ішінде 21 дерек — қоғамдық орындарды ластаумен, ал 27-і — қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған. Көші-қон заңнамасын бұзған 7 шетелдік азамат анықталып, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды.   

     Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді: барлығы 68 құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылып, 20-дан астам автокөлік пен мотоцикл айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Әсіресе интернет-алаяқтықтың алдын алу, алаяқтық схемаларын тану, жеке деректерді қорғау бойынша пайдалы ақпараттар берілді. Түркістан облысы полиция департаменті мәлімдегендей, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.