Полиция ата-аналарға үндеу жасады

Полиция ата-аналарға үндеу жасады

Астана қаласының полициясы ата-аналар мен барлық ересек адамды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Биылғы жылдың басынан бері қалада балалардың терезеден құлап кетуінің 45 оқиғасы тіркеліп, оның 12-сі қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай оқиғалар, әдетте, балалар қараусыз қалған кезде және үйде қарапайым сақтық шаралары сақталмаған жағдайда болады.

Полиция осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • Егер терезе ашық болса немесе бөлмені желдетіп жатсаңыз, балаға үнемі көз салыңыз;
  • Балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз;
  • Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз — тіпті олар ұйықтап жатса да;
  • Терезе маңындағы жиһазды, әсіресе бала мініп кетуі мүмкін төсек пен орындықтарды алыстатыңыз.

Есте сақтаңыздар! Масаға арналған тор — бұл қорғаныс құралы емес! Бала оған сүйенуге болады деп ойлап, онымен бірге құлап кетуі мүмкін.