Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіні сақтау және таратумен айналысты деген күдіктінің әрекетін тоқтатты.
Күдікті Алмалы ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты жерінен байламдарға оралған, есірткіге ұқсас, өзіне тән иісі бар затты тәркіледі. Сонымен қатар жасырыну мақсатында пайдаланылған болуы мүмкін құралдар мен мессенджер арқылы хат-хабар алмасуға қолданылған телефон тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Полицияның жедел бөлімшелері интернет кеңістігін, соның ішінде есірткі тарататын мессенджерлердегі жабық арналарды үнемі қадағалап отырады. Заманауи тізбектер жетілдіріліп келеді, бірақ мұндай деректердің әрқайсысының жолы кесіледі. Біз есірткі қылмысымен жүйелі күресті жалғастырамыз, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.