ІІМ "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңға түзетулерді түсіндірді

ІІМ "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңға түзетулерді түсіндірді

ІІМ "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңға түзетулерді түсіндірді.

- Биыл 18 наурызда резервтегі әскери қызмет және жекелеген мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша заң қабылданғанын хабарлаймыз. Соған орай "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңға түзетулер енгізілді.

Резервтегі әскери қызметшілерді қару сатып алу кезінде медициналық қорытынды бермейтін адамдар санатынан шығару бойынша түзетулер енгізілді. Осыған байланысты азаматтық және қызметтік қару айналымын реттейтін ІІМ бұйрықтарына өзгерістер жасалды.

Қару сатып алуға қойылатын талаптар бұрынғыша өзгеріссіз қалады. Азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелеріне басқа өзгерістер енгізілген жоқ. Қару әскери қол атыс қаруы, азаматтық және қызметтік болып бөлінеді.

Азаматтық қаруға өзін-өзі қорғау қаруы, спорттық, сигналдық және аңшылық қару жатады.

Ұңғылы қуаты 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі азаматтық спорттық пневматикалық қарулар, сондай-ақ сигналдық қарулар қару-жарақ дүкенінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама, қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуді тексеру, психикалық денсаулық орталығынан алынған мәліметтер және спортшының куәлігі бойынша ІІО рұқсатынсыз сатып алынады.

Сигналдық қарудың иесі оны сатып алғаннан кейін жеті күн ішінде ІІО-да тіркеуге міндетті.

Оқсыздандырылған қару-жарақ кинематографиялық ұйымдарға, театрларға, цирктерге, мұражайларға және қару жинауға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға сатылады.

Механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған басқа да құрылғыларды қару-жарақ дүкендері оларды сатып алуға рұқсатсыз, қарумен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша нұсқама жүргізгеннен кейін және қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында нұсқамадан өткені туралы сатып алушының қолын қойғаннан кейін сатады.

Аңшылық қаруды сатып алу үшін азаматтар ІІО-на қарсы көрсетілімнің жоқтығы туралы медициналық қорытынды, қаруды қауіпсіз ұстау бойынша курстардан өткені туралы анықтама, аңшы куәлігін ұсынады.

Сонымен қатар қару иесі қаруды сақтауға жағдай жасауға міндетті.

Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы барлық рұқсат құжаттары "Е-лицензиялау" электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта беріледі, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов.