Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар жүргізушілер ұсталды

Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар жүргізушілер ұсталды

Алматыда полиция жол қозғалысы ережесін бұзған құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі түрде жалғастыруда. Соңғы 24 сағаттың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, иелері бірнеше рет айыппұл төлеуден жалтарған 6 көлікті ұстады.

Азаматтардың бірінде 5 млн 500 мың теңгеден астам қарызы бар. Тағы бір Toyota Alphard көлігінің жүргізушісінде 1 миллион 086 мың теңге айыппұл. Барлық автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіліп, иелеріне көрсетілген мерзімде қарыздарын толық өтеу қажеттігі туралы ескертулер берілді.

- Жазаның бұлтартпастығы - жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі қағидасы. Азаматтар айыппұлдарды жүйелі түрде елемеу - көлікті ұстаудың бір жолы екенін түсінуі керек. Алдын алу жылында біз формальды емес, заңдылықты нақты сақтауға тұрақты түрде күш салып жатырмыз, - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.