Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні жедел дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты.
Жобаның басты мақсаты — қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыру. Жасанды интеллект "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.
Жүйенің мүмкіндіктері:
Ол төрт негізгі модульден тұрады:
Бұл жоба тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды. Келесі аптада Ақмола облысы Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр.