Алматыда жас полицейлер алғашқы қызметтік куәліктерін алды

Алматыда жас полицейлер алғашқы қызметтік куәліктерін алды

Алматыда жас полицейлерге алғашқы қызметтік куәліктерді салтанатты түрде табысталды.

”Тәлімгерім – мақтанышым” атты сабақтастық күні аясында өткен шара Алматы қалалық полиция департаменті мен ІІМ М.Есболатов атындағы академияның ұйымдастыруымен өтті.

Жас полицейлермен кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелері шақырылды. Ардагерлер жас офицерлерге алғашқы куәліктерін табыстап қана қоймай, полицияда қызмет ету туралы жеке әңгімелерімен, кәсіби сабақтарымен және маңызды кеңестерімен бөлісті.

Жас офицерлер үшін бұл оқиға олардың еңбек жолының символдық бастамасы, азаматтардың құқықтары мен тыныштығын қорғау миссиясының жоғары жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіну болды.

— Алғашқы куәлікті табыстау — жай ғана формальдылық емес, бұл адамның қоғам алдындағы жауапкершілікті саналы түрде мойнына алатын сәті. Бүгінде жас әріптестеріміздің қасында олардың тәлімгерлері мен ардагерлер тұр. Дәл осылар өз өнегелерімен нағыз намыс, парыз және қызмет мектебін қалыптастырады, — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Салтанатты шарадан кейін қызметкерлер академия мұражайын аралап, Қазақстан полициясының тарихымен және ішкі істер органдарының жылнамасына есімдерін жазып қалдырған көрнекті қызметкерлердің есімдерімен танысты.

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, құнды дәстүрлерді жалғастырып, жас офицерлерді Отанға адал қызмет етуге баулиды.