Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ІІМ басымдықтарының бірі

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ІІМ басымдықтарының бірі

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қазақстанға келетін шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру ісіне ІІМ белсенді түрде қатысып жатқанын атап өтті.

Келу және болу рәсімдерін жеңілдету мақсатында бірқатар бастамалар жүзеге асырылды:

  • Шетел азаматтары полиция бөліміне барып тіркелуден босатылды.
  • Қабылдаушы тарап шетелдіктің келгені туралы онлайн-режимде хабарлай алады.
  • Ірі әуежайларда қауіпсіздік шаралары туралы туристердің хабардарлығын арттыру үшін QR-коды бар туристік карталар таратылады. QR-код арқылы SafeTravel.kz электронды порталына өтуге болады. Онда бірнеше тілде туристерге қажетті ақпарат бар.

SafeTravel.kz порталында:

  • полициямен жылдам байланыс орнатуға арналған "102" мобильді қосымшасы, оның ішінде "SOS" функциясы бар;
  • миграциялық заңнаманы сақтау бойынша жадынама; ⁠
  • қала картасы және танымал қосымшаларға сілтемелер; ⁠
  • ресми такси қызметтері мен онлайн-сервистер тізімі; ⁠
  • ұялы байланыс операторларының ресми сайттарына сілтемелер; ⁠
  • төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері; ⁠
  • жедел жәрдем, өрт сөндіру, құтқару сынды басқа да жедел қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді.