"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы: қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы: қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқтарды заңсыз айналымнан алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде. 2-6 маусым аралығында елімізде республикалық "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды;
  • 40 қару қоймасы анықталды;
  • қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
  • азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

- 29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.