ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы

Ашықтық, жеделдік және қолжетімділік – бұл полицияның жұмысының негізгі басымдықтары.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 14 және 15 ақпанда республика аумағында "Жолдағы қабылдау" акциясының кезекті кезеңі өткізіледі.

Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары полицияның фронт-кеңселерінде, сондай-ақ "NurOtan" партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.

Акция кезінде азаматтар  өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін, алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгінуге, сондай-ақ үйден шықпай-ақ, әлеуметтік желілердегі ПД ресми аккаунттарында өткізілетін ПД бөліністері басшыларының қатысуымен тікелей эфир кезінде өз сұрағын қоюға мүмкіндігі бар.

Одан басқа, әкімдіктер, ПИК өкілдерімен бірлесіп, енгізілетін модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде «Аулаларда қабылдау» жұмысы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға «қауырт желі» телефоны арқылы жауап алуға болады.

Көрсетілген іс-шаралардың өткізу орындарын және «қауырт желі» телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталынан, полиция департаменттерінің ішкі порталдарынан білуге болады.

ІІМ бастамасымен ұйымдастырылған "Жолдағы қабылдау" акциясы азаматтар тарапынан сұранысқа ие болды және бұл акция – полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі.

Социальные медиа
Twitter
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты