ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

  • Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз.
  • Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)», деп қатты айқайлауды үйретіңіз. Бұл жан-жағыңыздағылардың көңілін аударып, қылмыскерді қорқытады.
  • Баланы қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын, егер жоспары ауысса қоңырау шалу керектігін үйретіңіз.
  • Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алып кетуге тырысыңыз.
    Егер басқа біреу алып кететін болса ертерек ескертіңіз.
  • Балаға құпия сөз ойластырыңыз. Егер бөтен адам құпия сөзді білмесе ол адаммен кетпеуі және бөтен көлікке отырмауы керек екенін айтыңыз.
  • Балаңызға жалғыз емес достарымен бірге қыдыру керек екендігін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің көңілін өзіне аударады.
  • Баланы жылына бір рет суретке түсіріңіз. Келеңсіз жағдайларда сізде жаңа суреті болады.
  • Балаларды әлеуметтік желіде «еркін жүзгізбеңіз». Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
  • Балаға әлеуметтік желідегі қауіптілік жайлы ақпарат беріңіз. Егер бала басқа әлеуметтік желідегі қолданушыдан теріс қылыққа немесе зорлық-зомбылыққа  тап болса, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керек екендігін түсіндіріңіз. 
  • Бала барлық жағдайды айтып беретін ата-ана болыңыз.
  • Бала әрқашан оны жақсы көретініне сенімді болуы керек және егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеуді тоқтатпайтыныңызды  айтыңыз.  

 

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 мая 2025
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2025
Арнайы және жұмылдыру даярлығы бөліністеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі
Ақпарат
08 мая 2025
Автокөлікке қызмет көрсету мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі және аумақтық автошаруашылықтар

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы