ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл

       Бүгінгі таңда халықты толғандыратын мәселелердің бірі - интернет-алаяқтық.

       Ол бүкіл әлемде, соның ішінде ең технологиялық дамыған мемлекеттерде де кең таралған.

        Азаматтарға кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қылмыскерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шет елдерде тұрақты орналасқан "Call-орталықтар" қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді.

        Оларға қарсы тұру үшін елде «Киберпол» жобасы енгізілді. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды және барлық өңірлер бойынша масштабталды.

        Жоба аясында алаяқтар пайдаланатын ауыстырылатын нөмірлерден «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау жүйесі сәтті енгізілді.  Бұл мұндай қосылыстардың 43 миллионнан астам әрекетін тоқтатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде зардап шеккендердің саны 2,5 еседен астам азайды.

        Қызметкерлер банктермен және ұялы байланыс операторларымен тікелей байланысады. Бұл азаматтардың ақшасын жоғалту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, елден тысқары жерлерге шығару сатысында шамамен 220 млн. теңге бұғатталды, сондай-ақ 850 миллион сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді.

       «Киберпол» жұмысының әсері өте айқын, қазірдің өзінде осындай 3 мыңнан астам қылмыс ашылды.

        Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Дата публикации
25 января 2023
Дата обновления
25 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты