Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Функциялары:
Осы категория бойынша УТР алу үшін, туыстары келген азаматқа өзінің тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне келесі құжаттардың тізімін ұсыну қажет: өтініш-сауалнама, төлқұжат, шетелдікті қамтуына мүмкіндік беретін жалақы туралы анықтама (2020 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 тенге құрайды), тұрғын үйдің меншіктігін растайтын ХҚКО-ның анықтамасы немесе тұрғын үй иесінің келісімі, келген отбасы мүшелерінің медициналық сақтандыруы, шақырған тұлғамен жанұялық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелері, шыққан мемлекеттің уәкілетті органдарынан алынған сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.
Өтінішті қарастыру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
ЖСН ақпараттық жүйеде туу туралы куәлікті, жеке куәлікті немесе паспортты берген кезде автоматты түрде қалыптасады және бірегейлік, өзгермейтіндік қағидаттарына негізделген және тек бір адамға сәйкес келеді.
Бұл, әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру өлшеміндегі бақылау разрядының оны есептеу алгоритміне сәйкес келмеуі жағдайларын қоспағанда (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейтінін ескерту қажет.
Осыған байланысты, егер азаматтың өмір бойы тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және басқа да деректері өзгерсе, ЖСН-нің өзі өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі адамның негізгі сәйкестендіргіші.
ЖСН құрайтын сандар таза техникалық мәнге ие және кодтың бірегейлігі жалғыз маңызды шарт болып табылады.
Осылайша, азаматқа ЖСН бір рет тағайындалады және Заңға сәйкес қайта өзгертуге жатпайды.
Мемлекеттік органдардың, банктердің және басқа да ұйымдардың азаматтардан төлемдер қабылдаудан, мемлекеттік қызметтер көрсетуден олардың ЖСН-інің туған күніне, туған ғасырына, адамның жынысына сәйкес келмейтіндігінен бас тартуы заңсыз болып табылады.
Айта кету керек, барлық мемлекеттік органдарға (Ұлттық банк, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.) ІІМ бірнеше рет ведомстволық бағынысты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің ЖСН-ге байланысты азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы және өз ұйымдары мен мекемелері арасында ЖСН құрылымы жеке тұлғаның туған күнімен және басқа сәйкестендіру деректерімен байланыстырылмауы керек.
ЖСН өзектендіру (түзету) үшін шетелдік азамат немесе сенімді тұлға болу орны бойынша ХҚКО жүгінуі және келесі құжаттар пакетін ұсынуы қажет: