Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары өз қызметін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға рұқсат беретін құрылтай құжаттары мен лицензиялары негізінде жүзеге асырады.
Оқу орындарының қызметі білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау ІІМ-нің бес жоғары оқу орнында жүзеге асырылады:
ҚР ІІМ Басқару академиясы (https://aumvd.edu.kz) ішкі істер органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді іске асырады
ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы (alpolac.edu.kz) жоғары білім берудің жедел-іздестіру, әкімшілік-құқық қызметі, ІІО ІТ- криминалистикалық қызметін қамтамасыз ету, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, сондай-ақ жоғағы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистрлер мен философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
ҚР ІІМ Б. Бейсенова атындағы Қарағанды академиясы (kpa.edu.kz) бакалавриат кадрларын даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырады: "Құқық қорғау қызметі", "ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеу", "Жедел-криминалистикалық қызмет", сондай-ақ, "Құқық қорғау қызметі" мамандығы жоғары оқу орнынан кейінгі бейіндік, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратура мен докторантура мамандарын даярлауды жүзеге асырады.
ҚР ІІМ Ш. Кабылбаев атындағы Қостанай академиясы (qpa.edu.kz) бакалавриат кадрларын даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырады: "Құқық қорғау қызметі", "Ішкі істер органдары үшін Педагогика және психология", "Ішкі істер органдары үшін әлеуметтік жұмыс", сондай-ақ, "Құқық қорғау қызметі" мамандығы жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратура мен докторантура мамандарын даярлауды жүзеге асырады.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты (auimvd.edu.kz) "Құқық қорғау қызметі", "Әкімшілік-құқықтық қызмет" білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады;
ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының Әскери институты ( Петропавл қ.) "Ұлттық ұланның командалық тактикасы"; "Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың командалық тактикасы"; "Әскерлерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикасы"; "Әскерлерді ракеталық-артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикасы"; "Ұлттық ұланды автомобильдік қамтамасыз етудің командалық тактикасы"; "Ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы"; "Байланыс әскерлерінің командалық тактикасы" білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, ІІМ оқу орталықтары: (Шымкент қ.) Б. Момышұлы және ҚАЖК (Павлодар қ.) ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді алғашқы кәсіби даярлауды жүзеге асырады.
ІІМ жоғары оқу орындары қызметінің мақсаттары мен негізгі міндеттері:
ІІМ ЖОО-на қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ІІМ-нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығы).
Қабылдау медициналық, физиологиялық, психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша қабылдау комиссиясының отырысында жүргізіледі.