

Арнайы атағы — полиция генерал-лейтенанты.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы — Ресей Федерациясы ІІМ Академиясын бітірген.
І дәрежелі (2022) және ІІ дәрежелі (2017) «Даңқ» орденімен марапатталған.
1986-1997 жылдары Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында қызмет атқарды.
1997 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды облысының ІІД-де басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2009-2019 жылдары — ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.
2019-2020 жылдары — ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бастығы.
2020-2022 жылдары — ҚР ІІМ Аппаратының басшысы.
2022 жылдың қазан айынан — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.