«Мектепке жол!» акциясы ұйымдастырылды.

«Мектепке жол!» акциясы ұйымдастырылды.

Жылдағы үрдіс бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде маусым- қыркүйек аралығында республикалық - «Мектепке жол!» акциясы ұйымдастырылып жатыр.
Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні Заречный ауылдық ауылдық округі әкімінің аппаратымен «Мектепке жол!» акциясы – атты іс-шара ұйымдастырылып, округ бойынша барлығы 33 бүлдіршін округ аумағындағы кәсіпорындар, жеке кәсіпкерліктер қамқорлығына алып, оқушыларды мектеп формсаларымен және жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Одан бөлек Арна ауылындағы №11 орта мектептің 40 оқушысына, Заречный ауылындағы №12 орта мектептің 70 оқушысына және Заречный ауылы, Школьная көшесіндегі өртке шалынған №1 үйден 6 оқушысына осы жылы мемлекет тарапынан әр балаға 40 567 теңге қаражат бөлінді.
Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қатарынан қалдырмау болып табылады. Оқушыларымыз оқу озаты болып, биік шыңдардан көріне берсін.