2023 жылғы 20 тамызда Қонаев қаласы Заречный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қонаев қаласы Заречный ауылдық округім әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Өткен сайлауға барлығы 3 кандидат қатысты. Дауыстар келесідей бөлінді:
Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы – 76,10% (943дауыс);
Салықбаев Дидар Алшынбекұлы – 3,39% (42дауыс);
Чалагулов Батырхан Жұмақанұлы – 16,62% (206 дауыс).