Заречный ауылында өткен ұлттық спорттық ойындар

Заречный ауылында өткен ұлттық спорттық ойындар

Наурыз мерекесіне орай, Заречный ауылында өткен ұлттық спорттық ойындар: арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату, ләнгі тебу, асық ату, қыздар арасында скакалкамен секіру сынды ойындар  өткізді.Ен басты күткен кезекті  ойын қой көтеру ойынына беріліп, бәсекеге түскен ойыншылар бақтарын сынасты.Тартысқа түскен палуандар бір бірінен дес бермей ойын әсірлі болып қыза түсті.Жарыс соңында жеңімпазды анықтап,  115 мәрте көтерген палуанға қойды уйіне алып кетуді бұйырды.Ойынға  қатысқандарға медаль, диплом және естелік сыйлықтар берілді.Аталған ойындар түрін әкімдіктің қолдауымен және Қонаев қаласының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры А.Артықов және мамандары ұйымдастырды.