Су тасқыны жағдайы туралы сағат 16:00-дегі ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 16:00-дегі ақпарат

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені су деңгейіне мониторинг, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік және оларды вахтовкамен барар жеріне жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорлды.50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 467  адам, 1 291 техника, 328 су сору құралы және 69 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.