«Ecolife» челленджі бойынша тапсырмалар

«Ecolife» челленджі бойынша тапсырмалар

7 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған экологиялық челлендж басталды.

Экочеллендж шарттары бойынша қатысушылар бірқатар тапсырмаларды орындауы керек.

Бірінші тапсырма: қызықты пост жариялаңыз

Экочелленджге қатысуға не себеп болды, эковолонтерлік бағыттарының қайсысы Сізге жақын? Елімізде осы бағытты дамытудың өзектілігі жайлы айтып берсеңіз.

Екінші тапсырма: қоқысты сұрыптауды бастаңыз

Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу процесі туралы бейнеролик  түсіріңіз.

Үшініші тапсырма: плоггинг/сенбілікке қатысыңыз

Достарыңызбен плоггинг немесе сенбілік ұйымдастырыңыз, яки басқа да волонтерлермен ұйымдастырылған шараларға қатысыңыз.

Төртінші тапсырма: Экосөмке қолдануды бастаңыз

Шоппер қолдану арқылы қанша пластикалық пакет қолданудан бас тартқаныңыз жайлы, шопперді қайда қолданатыныңыз жайлы бейнежазбада айтып беріңіз. Мүмкін Сіз пластик пакеттерді алмастыра алатын арнайы лайфхак ойлап тапқан шығарсыз? Біз сіздің креативті ойларыңызды күтеміз.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оларды өз Instagram парақшаңызға жариялап #ecolifechallenge2023 #vf23 #волонтер #volunteersforum2023 хэштегтерін белгілеу керек.