«Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өткізілуде

«Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өткізілуде

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында жас түлектерді жұмысқа орналастыру және жастарды жұмыспен қамту бойынша республика көлемінде бірыңғай 7 маусым – 30 маусым аралығында республикалық «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесін өткізіледі.

Акция әрбір аудан/ қалада халық көп шоғырланған орындарда жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын үй, 2,5% несие бойынша жастар ресурстық орталықтары және арнайы кеңес беруші мамандардың қатысуымен ұйымдастырылады.

Республикалық «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі 7 маусым күні Қызылорда облысынан бастау алды. Облыстық жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылған жылжымалы жәрмеңке базар аумағында тегін шеберлік сағаттарын, тұрғын үй мәселесі, басқа да бағытта консультациялық кеңеспен тұрғындарды қамтылды.

Жылжымалы жәрмеңке Қызылорда облысының Арал ауданында жалғасатын болады.

Сонымен қатар, бұл акция 8 маусым күнінен Ақмола облысында басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтылу жоспарлануда.

(с) ҚР АҚДМ баспасөз қызметі