«Көзқарастың» отырысы өтті

«Көзқарастың» отырысы өтті

Бүгін Талдықорған қаласында «Көзқарас» талқылау алаңының көшпелі отырысы өтті. Негізгі тақырып - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы қорытындысы.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әли Рустам, т.б. қатысты.

Ғалым Шойкин өз сөзінде этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың басым бағыттарын баяндап, жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру, жалпыазаматтық бірегейлікті нығайту үшін мемлекеттік тілді ілгерілетудің тәсілдері мен әдістері мәселелеріне тоқталып, елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын айтты.

Талғат Қалиев өз сөзінде ҚХА сессиясында Мемлекет басшысы айтқан негізгі аспектілерді тиімді іске асыру елдің ғылыми, сараптамалық және азаматтық қоғамдастығын тарта отырып, кеңінен талқылауды талап ететінін атап өтті.

Сонымен бірге алаң спикерлері этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сарапшылық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Іс-шара соңында спикерлер алға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтады.