
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы шеңберінде іс-шаралар өтті.
Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ананр Бекбаева, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Паули, ҚХА және өңірдің этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, зиялы қауым, тарихшы ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сондай-ақ шетелдік қонақтар мен сарапшылар қатысты.
Анар Бекбаева өз сөзінде этносаралық қатынастарды нығайту, этностарды интеграциялау және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету мәселесі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті жұмысының негізгі басымдықтары екенін атап өтті.
Ғылыми-практикалық форум барысында тарихшы ғалымдар мен сарапшылар ғылыми баяндамалар жасады. Өз сөздерінде спикерлер саяси қуғын-сүргін туралы деректерді жариялаудың заманауи тәсілдерін, саяси қуғын-сүргін құрбандарының жадымызда сақтау жөнінде ақпаратпен бөлісті, Қазақстан аумағында 1920 жылдардың басындағы көтерілістерде құрбан болғандар мен зардап шеккендерді мемориалдандыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, іс-шарада қазақтың ұлы ақыны-публицист Мағжан Жұмабаевтың Ресей және Қазақстан мұрағаттарының деректері бойынша 1920-1925 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында ғылыми-саяси қызметі талқыланды.