«InternetCA-2023 Орталық Азиядағы интернет саласын дамыту» XIV Орталық Азия форумы өтті

«InternetCA-2023 Орталық Азиядағы интернет саласын дамыту» XIV Орталық Азия форумы өтті

Бүгін Алматы қаласында XIV Орталық Азия форумы өтті.

Форум аясында цифрлық құқықтар мен бостандықтар, жаңа технологияларды (нейрондық желі қызметтері, олардың рөлі мен интернет саласының дамуының негізгі тенденцияларына әсері) және геосаяси дағдарыс жағдайындағы ақпараттық соғыстарды реттеу мен қамтамасыз етуде тепе-теңдікті іздеу тақырыптары төңірегінде түрлі дискуссиялық талқылаулар болды.

Екі күн ішінде мемлекеттік органдардың, БАҚ, ҮЕҰ-ның астам өкілі, сондай-ақ цифрлық құқықтар, фактчекинг, медиа сауаттылық, сөз бостандығы мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық және Орталық Азияның 40-тан аса сарапшылары сөз сөйлейді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлі Қазақстандағы цифрлық құқықтарға қатысты ойын айтты. Ақпарат министрінің кеңесшісі Жасұлан Өмірәлиев қазақстандық нормативтік-құқықтық база мен тәжірибенің халықаралық қағидаттарға сәйкестігі туралы хабарлады.

Технологиялар және адам құқықтары саласындағы саясат сарапшысы, «Ашық қоғам» қорларының аға бағдарламалық менеджері - Мариана Мас және Орталық Азиядағы ЮСАИД өңірлік директорының орынбасары – Луис Ривера форумға қатысушыларға алғыстарын білдірді.