Баспасөз хатшыларына арналған тренингтің екінші күні

Баспасөз хатшыларына арналған тренингтің екінші күні

Бүгін Астанада медиа сарапшы Маргерит Хокси Салливанның баспасөз хатшыларына арналған тренингінің екінші күні өтті.

«Кризистік коммуникация» тақырыбында өткен қорытынды жиында медиа сарапшы дағдарыс жағдайларында ескеру керек негізгі ережелерге тоқталды.

Маргерит Хокси Салливанның айтуынша, баспасөз хатшыларының дағдарыс жағдайларындағы қызметін 3 кезеңге бөлген дұрыс.

«Кризистік коммуникацияны үш кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезең - дағдарысқа дейінгі уақыт. Бұл кезде баспасөз хатшысының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуы маңызды. Өйткені дағдарыс жағдайы болған кезде, ресми өкіл әрі кеткенде бір сағаттың ішінде журналистермен хабарласа алуы керек. Ал екінші кезең - дағдарыс уақыты. Бұл кезде баспасөз хатшысы оқиға болған орынға бару керек. Сондай-ақ келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын білмесе де, “Қандай оқиға қай жерде болды?” деген сынды ақпаратты білгені дұрыс. Олар “Менің ойымша” деген сарындағы сөздерді қолданбай, нақты ақпарат беру керек».

Спикердің сөзінше, үшінші, дағдарыстан кейінгі кезеңде, баспасөз қызметі кризистік жағдайдың қорытындысын жасайды. 

Уоркшоп барысында қатысушылар айтылған ақпарат пен ұсыныстарды  іс жүзінде қолданып, түрлі кейстарды талдады. 

          Еске салайық, Маргерит Хокси Салливанның Қазақстанға ресми сапары 3 күнге созылды. Алғашқы күні оның қазақ тіліне аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» (A Responsible Press Office in the Digital Age) кітабының тұсаукесері өтті. Ал, келесі екі күнде медиа сарапшы  баспасөз хатшыларына тренинг өткізді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/531080?lang=kk  

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/531558?lang=kk