Хабарлама

Хабарлама

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» ҚР Заңының жобасына қосымша реттеушілік саясаттың консультативтік құжат жобасын жариялады.

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жобасына өз ұсыныстарыңызды беру үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14463371 сілтемесі бойынша өтуіңізді сұраймыз.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес, консультативтік құжат жобасы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен мақұлданғаннан кейін, заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

Сонымен қатар, реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша ашық (жария) тындау 2023 жылдың 4 мамырында онлайн-форматта өтеді (сілтемесі алдын ала жарияланады).

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 74-12-83 нөміріне хабарласуға болады.