
Бүгін елордадағы Maqsut Narikbayev университетінде медиа сарапшы, журналист, коммуникация маманы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшыларына арнайы тренинг өткізді.
Жиынның мақсаты – баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру.
Тренингтер мен уоркшоптар баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, мемлекеттік мекемелердің коммуникациялық стратегиясын ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың имиджін қалыптастырудың заманауи техникаларын меңгеру сынды бағыттарды қамтыды.
«Баспасөз хатшысы өз аудиториясының кім екенін нақты білу керек. «Айтылған аргументтерге кім қарсы болады, кім қолдайды?», «Ұсыныстарға кім келіседі?» деген сұрақтарға алдын-ала жауап іздегені жөн. Өйткені, аудиторияның ұсынысқа қарсы аргумент айтуы мүмкін, осындай жағдайда коммуникация саласының маманы өз ой-пікірін дәлелдей алуы қажет. Сондай-ақ, ең бастысы, сенім мен адалдықты жоғалтпау керек»,- деді Маргерит Хокси Салливан.
Аталмыш тренингтер ертең, 5 сәуір күні де жалғасады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институты, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және «Maqsut Narikbayev University».
Еске сала кетейік, кеше Маргерит Хокси Салливанның «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/531080?lang=kk