ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов ШҚО тұрғындарымен кездесті

ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов ШҚО тұрғындарымен кездесті

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Глубокое ауданындағы отбасылар мен жастарға арналған әлеуметтік, салалық кездесулер өткізіп, өңір тұрғындарына отбасылық-гендерлік және жастар саясатын дамыту жоспары туралы айтты.

Ал, Өскемен қаласында вице-министр көп балалы аналармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесіп, технологиялар трансфері орталығы және жастар ресурстық орталығы қызметімен танысты.

Өңір халқымен жүздесу барысында Евгений Кочетов министрліктің отбасылық, гендерлік, жастар, ақпараттық саясат саласында жүргізіп отырған жұмыстары туралы айтып берді.

- Отбасын қолдау, жанұялық жанжалдарды шешу және (отбасылық дағдарыс кезінде) балалары бар әйелдерге уақытша тұру орталықтарын құру бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 2021-2022 жылдары 68 отбасын қолдау орталығы ашылды. 2025 жылға дейін тағы 143 Орталық ашу жоспарланып отыр, - деді вице-министр.

Мәселен, Шығыс Қазақстанда 3794 көпбалалы отбасы тұрады, оның ішінде 2660-ында төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар. 152 аз қамтылған отбасы (яғни 2040 адам) атаулы әлеуметтік көмек алады.

Сонымен қатар, жастар-отбасы саясаты саласы бойынша талантты жастарды, оның ішінде түрлі гранттық жобаларды қолдау жөніндегі шаралар жалғасады.

Евгений Кочетов жастарды қолдау, олардың әлеуметтенуі мен жеке дамуы үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында Жастар ресурстық орталықтарының базасында "IT Hub" ашу мәселесі пысықталып жатқанын да  айтты. Бұл жоба бағдарламалық өнімдерді әзірлеуде, оларды орналастыруда, масштабтауда және коммерцияландыруда жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.