Министр Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен кездесті

Министр Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен кездесті

Дархан Қыдырәлі кездесуде Х Баку жаһандық форумының жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанмен қарым-қатынастарды ілгерілетуге айрықша көңіл бөледі. Оған өткен жылы тамызда Мемлекет басшысының Әзербайжанға жасаған ресми сапары дәлел. Бүгінгі таңда сол сапар аясында екі ел қол қойған ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізілуде", - деді министр.

Д.Қыдырәлі медиа саласында өзара ынтымақтастықтың бар екенін айтып, БАҚ саласында  тәжірибе және контент алмасуды ұсынды.

Биыл Әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын тойлап жатыр. Осыған орай Қазақстанның медиа ұйымдарында деректі фильмдер мен мақалалар жарияланады.
Министр, сонымен бірге, жастар саясаты бағытында да бірлесе жұмыс атқаруды ұсынды.

Сөз қорытындысында министр Әзербайжан тарапына өткен жылдың соңында Астанада өткен І Орталық Азия медиафорумына қатысқандары үшін алғыс айтып, биыл 31 наурызда өтетін «Nauryz» телесериалдарының Бірінші Ұлттық сыйлығының құрметті қонағы болуға, сондай-ақ, Халықаралық волонтерлер форумы мен Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар платформасына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Хикмет Гаджиев екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, бірлескен жобаларды атқаруға дайын екендіктерін білдірді.

(с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.