
ҚР АҚДМ «Азаматтық бастама орталығы» қоғамдық бірлестігі («ҮЕҰ академиясы» жобасын іске асыру шеңберінде) Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдар үшін, сондай-ақ Шымкент қаласының ҮЕҰ үшін ««Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ конкурстарына қатысу және Орталықтың жобаларын іске асыруға дайындау» экспресс курстарын өткізеді.
Атырау облысы ҮЕҰ өкілдеріне арналған офлайн-тренингтер 23-24 ақпанда, Ақтөбе облысы ҮЕҰ өкілдеріне арналған тренингтер 1-2 наурызда өтеді.
Семинарлардың өтетін күні мен уақыты туралы толық ақпаратты academy-ngo.kz сайтынан алуға болады.
Экспресс курсқа өтінімдер 8 777 409 5005 телефон нөмірі арқылы қабылдануда.
#АБҚОkz #ЦПГИkz #CISCkz