Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетовпен кездесу

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетовпен кездесу

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қырғызстанда қазақ-қырғыз зиялыларының қатысуымен өтіп жатқан VII форум аясында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетовпен кездесті.

Сүйүнбек Қасмамбетов қазақ-қырғыз қатынасының тамыры тереңде екенін, екі елдің арасындағы тығыз байланыстың одан әрі беки түсетінін жеткізіп, кездесуге келгені үшін Дархан Қыдырәліге алғысын айтты.

Дархан Қыдырәлі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

Бұған қоса Д.Қыдырәлі министрліктің негізгі бағыттары туралы айтып, ақпарат, дін, жастар саласындағы бірлесе атқаратын жобаларға тоқталды.

Сондай-ақ министр Мемлекеттік хатшыға биыл 95 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Шығыс Айтматов туралы Қазақстанның ақпарат құралдарында жарық көрген материалдар мен кітаптарды сыйлады.

Сонымен қатар министр Мемлекеттік хатшыға шақыруды қабыл алып, 20-21 желтоқсанда Астана қаласында алғаш рет өткен Орталық Азия медиа форумына белсенді қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

(с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі