
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында келесі сілтеме бойынша орналастырылғандығын хабарлайды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14343421
Осыған байланысты, толыққанды және кешенді құжатты әзірлеу және қабылдау үшін Министрлік аталған құжаттың талқылауына қатысуды шақырады.
Сонымен қатар, жобаны түрлі пікірталас алаңдарында, сараптамалық отырыстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында қарау жоспарлануда. Жоспарланған талқылаулардың анонстары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында алдын ала орналастырылатын болады.