«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы басталды

2022 жылғы 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында жыл сайынғы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында елімізде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өтеді.

Акция ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы БҰҰ-әйелдер құрылымымен, Халықты қоныстандыру қорымен (ЮНФПА) және «Қазақстан Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ-мен бірлесіп өткізеді.

Акцияның мақсаты мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қабылдап жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары туралы халықты кеңінен хабардар ету, қоғамда әйелдер мен балаларға қарсы құқық бұзушылықтарға «төзбеушілік» атмосферасын құру болып табылады.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы зорлық-зомбылықты тудырады. Акцияға қатысушылардың міндеті – азаматтар арасында отбасылық-тұрмыстық негіздегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қайталануының алдын алу шаралары туралы түсіндіруге белсенді қатысу.

Акция барысында бірнеше ондаған іс-шаралар жоспарланған. Жалпыға қолжетімді орындарда (СОО, қоғамдық көлік, отбасын қолдау орталықтары, жастар ресурстық орталықтары және т.б.), сондай-ақ әлеуметтік желілерде адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылықтан қорғау мүмкіндіктері туралы, оның ішінде жұмыс істеп тұрған колл-орталықтары мен отбасын қолдау орталықтары туралы жадынамалар мен ақпаратты орналастыруға басты назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, акция аясында күнделікті негізде БАҚ және әлеуметтік желілерде «150 жедел желі байланыстары», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдау» тақырыптары бойынша бейнероликтерді ротациялау және тақырыптық ақпараттарды орналастыру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен кездесулер және пікірталастар, «Өзіңдегі агрессияны қалай ұстауға болады», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көмек сұрау алгоритмі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік қолдау» семинар-тренингтері, «Зорлық-зомбылық жоқ ғарыш әлемі туралы арман» картиналарының тақырыптық көрмесі, «Шанель №5» театрландырылған қойылымы және республикалық, өңірлік деңгейдегі басқа да іс-шаралар жоспарлануда.

Акцияны өткізуге Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялар, дағдарыс орталықтарының басшылары белсенді қатысуда.

Байланыс телефоны: 74-10-52 Киікбаев Жақсылық Ахметқалиұлы.