ТМД мемлекеттерінің жастар ісі жөніндегі кеңесі

ТМД мемлекеттерінің жастар ісі жөніндегі кеңесі

ТМД мемлекеттерінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Іс-шарада ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Қазақстанның дарынды жастарды қолдау тәжірибесіне тоқталды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесі бекітетін хаттама қабылданды.