Жастар кәсіпкерлігі: мүмкіндіктер мен кедергілер

Жастар кәсіпкерлігі: мүмкіндіктер мен кедергілер

Мәскеу қаласында Екінші Каспий экономикалық форумы аясында «Жастар кәсіпкерлігі: мүмкіндіктер мен кедергілер» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан, Ресей Федерациясы, Иран, Әзірбайжан өкілдері жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша ынтымақтастықтың перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар өңірлерде жастарға бизнесті дамыту үшін жағдай жасау тәжірибесі туралы әңгімеледі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Қазақстанның жастар кәсіпкерлігін тиімді дамыту үшін жағдай жасау тәжірибесі туралы айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.