Форум барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің өкілі министр Дархан Қыдырәлінің құттықтау сөзін оқыды.
«Баршаңызды Дүниежүзі қазақтары құрылтайынының 30 жылдығына арналған форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаншама қиын-қыстау заманды басынан кешкен қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізе салысымен қолға алған игі істерінің бірі – туған мекенінен жырақ кеткен қандастарын тарихи отанына қайтаруы еді. Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы – атажұртты аңсаған қаншама жанның жүрегінде шемен боп қатқан шерді тарқатты, ұлттың рухын көтерді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді», – делінген құттықтау хатта.