Шымкент қаласында ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

Шымкент қаласында ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

Шымкент қаласының Оқушылар сарайында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл жиын этносаралық қатынастар саласында баспасөз қызметкерлерінің, Журналистер клубы мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін жариялау бағытындағы ақпараттық жобалар, интернет кеңістігіндегі ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары талқыланды.